Медиаторлар желісін дамыту
соттардың жүктемесін азайтты,
құқықтық мәдениет пен қоғамдағы
құқықтық сананы күшейтті».
Н.Назарбаев
Медиация (лат. mediare –делдалдық ету) – жанжалдарды соттың қатысуынсыз, үшінші бейтарап жақ-медиатордың (делдал) көмегімен шешу формасы.
Мектеп медиациясы – білім беру процесіне қатысушылар арасындағы дауды (жанжалды) медиатор-бейтарап делдалдың қатысуымен мүдделі тараптар арасындағы дауды барынша тиімді шешуді реттеу рәсімі.
Медиация:
– оқушылар;
– ата-аналар;
– педагогтар;
– оқушылар мен ата-аналар;
– оқушылар мен педагогтар;
– ата-аналар мен педагогтар арасындағы дауларды (жанжалды) шешуге көмектеседі.
Медиация принциптері:
– еріктілік;
– медиатордың бейтараптылығы;
– тараптардың тең құқықтылығы;
– құпиялылық.
Мақсаты: жанжалдасатын тараптардың дауларын шешуде мектеп медиациясының тиімділігін арттырудың психологиялық шарттарын анықтау және негіздеу.
№23 орта мектеп-лицейіндемедиаторлық кабинет 2017 жылы өз жұмысын бастады. Сол уақыттан бері мектепішілік және мектеп аумағында болып жатырған оқушылар немесе ата-ана арасындағы кішігірім дау-дамайлардан бастап, кикілжің-жанжалдың арашасына түсіп, оң шешімін шығарып қаншама істер ымырамен бітімге келді. Бұл оқу процесінің қатысушыларына даулар мен түсініспеушіліктерді медиация принциптерінің негізінде шешуге көмектеседі, тұлғаның дамуына, шешім қабылдауға және өз іс-әрекеттері үшін жауапты болуға ықпал етеді, ең бастысы, жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алады. Кабинетте қабырға суретінен бастап, барлық элементтер достыққа, ауызбіршілікке, татулыққа үндейтін, бітімге бастау мақсатында жабдықталған.
«Медиаторлық кабинет» көрінісі