Противодействие коррупции

Оқушыларды, мұғалімдер мен ата-аналарды сыбайлас жемқорлыққа қарсы оқыту бойынша әдістемелік ұсыныстар

Мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы жаңа саясатының басты ерекшелігі сыбайлас жемқорлықтың ерте алдын алуды жүргізу болып табылады. Дәл осы сыбайлас жемқорлықты мүлдем қабылдамау ахуалын қалыптастыру – табысқа жетудің жалғыз жолы.

Әдістемелік ұсыныстардың мақсаттары мен міндеттері

Білім беру саласындағы адамдарды сыбайлас жемқорлыққа қарсы оқыту жөніндегі әдістемелік ұсынымдар Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қолданыстағы заңнамасының негізінде әзірленді.

Әдістемелік ұсыныстардың мақсаты білім беру процесінің барлық қатысушыларының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жұмысына бірыңғай көзқарасын қалыптастыру болып табылады.

Әдістемелік ұсыныстардың міндеттері:

  1. Мұғалімдерді, оқушыларды (тәрбиеленушілерді), ата-аналарды сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасағаны үшін жауапкершілік жөнінде хабардар ету;
  2.  Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың негізгі қағидаттарын айқындау;
  3. Қоғамдағы сыбайлас жемқорлықты жоюға бағытталған шараларды іске асыру.

Білім беру процесінің барлық қатысушыларына Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру жолдары түсіндірілуі тиіс. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім беру кешенді жүйе ретінде қаралуы қажет.