КӘСІПТІК БАҒДАР БЕРУ ЖҰМЫСЫ
Мектептегі еңбек тәрбиесі – бұл балаларды әртүрлі педагогикалық ұйымдастырылған қоғамдық пайдалы жұмыс түрлеріне тарту процесі. Ол практикалық тәжірибе, еңбек дағдылары, шығармашылық ойлау және еңбексүйгіштік қабілеттерін дамыту мақсатында болады. Білім алушылардың еңбек тәрбиесіне түрлі іс-шараларды: қолөнер көрмесі, сыныпты тазалау, гуманитарлық көмек, көгалдандыру және мектепті абаттандыру, қолөнершілер турнирі, қайырымдылық істер апталығы, көңілді шеберлер қаласы, мектепті косметикалық жөндеу, еріктілер акциясы, шефтік көмек, қамқорлық алаңдары, еңбек десанты, мектептің жөндеу бригадасы. Білім беру ұйымдарында білім алушыларды мамандыққа бағдарлау жұмысы мектеп түлектерінің болашақ мамандығын таңдауға арналған тиімді шаралардың бірі болып табылады. Мектептерде бұл іс-шара білім алушылармен оқу-тәрбие процесінде, сабақтан тыс және мектептен тыс жұмыстар арқылы жүргізіледі. Бұл жұмыс үлкен өмірге қадам басқалы отырған адамға көмек беретін жүйелі іс-шараларды қамтиды, ғылыми негізге сүйеніп кәсіптік таңдау жасау немесе мамандыққа бағыттауға арналған тәрбие жұмыстарының жүйесін дамыту мақсатында, білім алушының өз бетінше мамандық таңдау кезеңінде көмек көрсетуге бағытталуы тиіс. Кәсіптік бағдар беру жұмыстарын дұрыс ұйымдастыру мақсатында:
– ҚР Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы 15 сәуірдегі № 150 бұйрығымен бекітілген, Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарындағы білім алушыларды кәсіптік бағдарлауды диагностикалау және анықтауды жүргізу бойынша әдістемелік ұсынымдамалар;
– орта мектептердегі 7-11 класс білім алушыларына кәсіби диагностика жүргізудің құралдарын қолдану бойынша әдістемелік ұсынымдар;
– ЕБҚ бар балалардың мамандық таңдауында отбасы, мектеп және жұмыспен қамту мекемелерінің өзара іс-әрекеті бойынша әдістемелік ұсынымдарды пайдалануға болады. (https://www.nao.kz)