Кітапхана меңгерушісі Гаращенко Ольга Васильевна Гуманитарлық кітапханалық жоғары білім, жалпы өтілі – 26 жыл, ал №23 ОМЛ – 3 жыл. | КІТАПХАНА Жұмыс кестесі: 9.00 – 18.00 сағ. Түскі үзіліс: 13.00 – 14.00 сағ. Сенбі: 09.00-14.00 сағ. Демалыс күні: жексенбі. |
Қысқаша аңықтама
Біздің кітапхана 1987 жылдам бастап жұмыс жасайды. Мектеп кітапханасына 2448 оқушы, 126 педагог (5 мектеп жұмысшысы) келеді. Ғимарат саны оқу залымен қоса 1 абонемент. Кітапхана білім беру мекемесінің үшінші қабат орналасқан, абонементімен бірге 18 орындық оқу залы бар. Кітапхананың жалпы ауданы 65 м2. Жабдықтар: 3 көрме стеллаждар, 18 кітап стеллаждар, 1 кітапханалық үстел, 10 үстел, 20 орындық, каталогтық жәшік. Техникалық құралдар: 6 компьютер, 1 принтер. Интернетке қосылған 1 компьютерді кітапханашы қолданады, қалған компьютерлерді мектеп педагогтері мен оқушылар пайдаланады. Кітапханың акциденті элементтері: алфавиттік, жүйелік каталог, оқу қорының картотекасы.
Кітапханалық-библиографиялық қызмет құрылымы
Оқу залы Абонемент
Кітапхана қызметінің негізгі бағыттары:
1) Мектептің оқу-тәрбие процесінің талаптарын басшылыққа ала отырып, жан-жақты дамыған тұлғаны қалыптастыруда оқыту мен тәрбиелеуге ықпал ету, оқушылардың танымдық қызығушылықтарын арттыру үшін барынша қолайлы жағдай жасау.
2) Мектепте оқу материалдары мен оқу үдерісін кітапханалық қызмет көрсетудің барлық түрлері мен әдістерімен игеру үшін қажетті атмосфераны құру арқылы жас ұрпақтың үздіксіз білім алуы мен тәрбиесіне ықпал ету.
3) Білім үдерісінің сан қилы мазмұны мен бағдарламалық- педагогикалық қатынасының ерекшеліктеріне сәйкес сапалы кітап қорымен қамтамасыз ету.
4) Оқушыларды оқуға бағыттау, кітаппен жұмыс істеуге үйрету, оған деген құрмет пен сүйіспеншілікті ояту , оқуда көркем талғам мен мәдениетке тәрбиелеу, баспа басылымдарына ұқыпты қарауға шақыру.
5) Оқушылардың ой-өрісін дамытуда және танымдық қызығушылықтары мен қабілеттерін арттыру үшін кітапхана қызметін жалпы мәдени-эстетикалық қажеттіліктерді ойдағыдай қанағаттандыруға бағыттау.
6) Мұғалімдердің ғылыми-әдістемелік, педагогикалық шеберлігін арттыруға, олардың азаматтық және кәсіби дамуына ықпал ету.
Мектеп мұғалімдеріне кітапханалық-библиографиялық және ақпараттық қызмет көрсетуде кеңестер беру.
КІТАПХАНАНЫҢ НЕГІЗГІ ҚЫЗМЕТТЕРІ
1. Білім беру-мектеп тұжырымдамасына сәйкес оқу бағдарламасындағы білімдік мақсаттарды қамтамасыз ету және қолдау.
2. Ақпараттық-ақпаратты оның түріне, форматына, тасымалдаушысына қарамастан пайдалануға мүмкіндік беру.
3. Оқушылардың мәдени-эмоционалды дамуына ықпал ететін мәдени және әлеуметтік өзін-өзі тануға тәрбиелейтін іс-шараларды ұйымдастыру.
Оқу процесін ақпараттық-әдістемелік және кітапханалық қамтамасыз ету
Кітапханада қажетті әдебиеттер қоры жеткілікті болуы керек, оған оқулықтар қоры және негізгі қорға: көркем, ғылыми-танымал, анықтамалық, энциклопедиялық әдебиеттер кіреді.
Жыл сайын наурыз–сәуір айларында оқулықтарға тапсырыс дайындалып, “Кітапханаға кітап сыйла”, “Буккроссинг”акциялары өткізіледі.
Кітап қорын жинақтау және ұйымдастыру
Жалпы қор-61602 дана.
Негізгі әдебиет қоры-5940 дана
Оқу әдебиеті қоры – 55662 дана
Қордың айналымы – 1,06
1. Жыл сайын мазмұны жағынан ескірген және ескірген оқулықтар есептен шығарылады
2. Өтімсіз әдебиеттер тізімі жасалады.
3. Кітаптар мен оқулықтарды есептен шығару және есепке қою актілерімен жұмыс
4. Оқулықтарға тапсырыс жасалады