Педагогикалық кадрларды аттестаттау

№23 орта мектеп-лицейін аттестаттау “мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беретін жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғаларды, Білім және ғылым саласындағы өзге де азаматтық қызметшілерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарын бекіту туралы “Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы № 83, 2020 жылғы 14 мамырдағы № 202 бұйрығына сәйкес өткізіледі.

Осы мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, қосымша, мамандандырылған және арнайы білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында лауазымдарды атқаратын педагогтерді және білім және ғылым саласындағы өзге де азаматтық қызметшілерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттары (бұдан әрі – қағидалар) Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің 139-бабының 7-тармағына, “білім туралы” 2007 жылғы 27 шілдедегі мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында лауазымдарды атқаратын педагогтерді аттестаттаудан өткізу тәртібін айқындайды.

Педагогтерді аттестаттау “білім туралы”2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 44 – бабының 5-тармағына сәйкес кемінде бес жылда бір рет, білім беру ұйымдарының басшыларын-үш жылда бір рет өткізіледі. Аттестаттаудан өту үшін педагогтер ұлттық біліктілік тестілеуін білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындайтын ұйымға осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш беру арқылы тапсырады және ұлттық біліктілік тестілеуін электрондық форматта өтеді.

Педагогтарды аттестаттау мынадай кезеңдерді қамтиды:

1)ұлттық біліктілік тестілеу;

2)біліктілік санатын беру (растау) рәсімі.

Аттестаттаудан өту үшін педагогтер ұлттық біліктілік тестілеуін білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындайтын ұйымға осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш беру арқылы тапсырады және ұлттық біліктілік тестілеуін электрондық форматта өтеді.Ұлттық біліктілік тестілеуі педагогтің өтінішінде көрсетілген мерзімде өткізіледі. Педагогтердің өтініштерін қабылдау кемінде күнтізбелік 15 күн бұрын жүргізіледі. Ұлттық біліктілік тестілеуден өтуге өтініш берген кезде педагогтер тапсыру тілін (қазақ, орыс), күнін, уақытын таңдайды және білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындайтын ұйым дайындайтын ұлттық біліктілік тестілеуді өткізу жөніндегі нұсқаулықпен танысады. Өтініш дерекқорға енгізілгеннен кейін осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тестілеуге рұқсаттама беріледі.

Аудиторияның ұлттық біліктілік тестілеуін өткізудің ашықтығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін және әрбір педагогтің өткізу пункттеріндегі орны бейнебақылау жүйесімен қамтамасыз етіледі.

Осы Қағидалардың 19-тармағы бұзылған кезде заттарды табу және аудиторияда мінез-құлық қағидаларын бұзған педагогты аудиториядан шығару актісі және (немесе) осы Қағидаларға 3 және 4-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша тестілеуде бөгде адамды анықтау актісі жасалады.

Ұлттық біліктілік тестілеуін өткізу кезінде қағидаларды бұзу фактілері анықталған кезде, сондай-ақ бейнежазбаны қарау кезінде анықталған кезде тапсыру мерзіміне қарамастан акт жасалады және нәтижелердің күші жойылады. Педагог тестілеу өткізу пунктінің ғимаратына кірген кезде жеке басын куәландыратын құжат және рұқсаттама негізінде оның жеке басын сәйкестендіру жүргізіледі.

       Ұлттық біліктілік тестілеуін өткізу кезінде аудиториядан кезекшінің рұқсатынсыз және алып жүруінсіз шығуға, бір – бірімен сөйлесуге, бір орыннан екінші орынға орын ауыстыруға, материалдармен алмасуға, материалдарды аудиториядан шығаруға, аудиторияға заттарды (оқулықтар мен әдістемелік әдебиеттерді, цифрлық смарт-аппаратураны) кіргізуге және пайдалануға жол берілмейді.

Біліктілік санаттары бойынша педагог кадрлардың біліктілік салыстырмалы талдауы

Оқу жылы  саныЖоғары санатБірінші санатекінші санатСанаты жоқ
2016-201711735(29,9%)22(18,8%)30(25%)30(25%)
2017-201812441(33%)28(23%)30(24%)25(20%)
2018-201912448(38%)26(20%)12(9,6%)38(30%)
2019-202012720(16%)18(14%)6(4,7%)24(18%)
2020-202114711(7%)12(8%)5(3%)32(21%)
Оқу жылы  Пед-шеберПед-зерттеушіПед-сарапшыПед-модератор
2018-2019 22(18%)4(3,2%)7(6%)
2019-2020 35(28%)8(6,2%)16(13%)
2020-20211(0,6%)43(29%)12(8,1%)30(20,4%)