Тәуелсіздікке 30 жыл “30 қайырымды іс” аясында мектебімізде “Жылы жүрек – жомарт қол” қайырымдылық акциясы ұйымдастырылды. Осынау керемет сауапты істер жалғасын тапқан Рамазан айының 20.04-30.04.2021 ж. аралығында жоспарланған қайырымдылық акциясына мектеп ұжымы қаржылай көмек көрсетіп, қол ұшын созды.
Жиналған қаражаттың бір бөлігі мектебімізде білім алып жатырған жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 8 оқушының тұрғын үй құрлыс жинақ банкіндегі есепшотына аударылып, қалған бөлігі “Үміт” сәбилер үйіне керек жабдықтары мен тамақтарын алуға жұмсалды.
Дана халқымыздың «Қуанышты бөліссе көбейеді» деген сөзін еске алып, барша «Жылы жүрек – жомарт қол» қайырымдылық акциясына белсене атсалысқан #23 мектеп ұжымына ризашылығымызды білдіре отырып, кезекті қайырымдылық істің өз жалғасын табарына сенеміз! Жақсылық жасап жарысайық!!!