Ә. Ермеков атындағы 23 мектеп-лицейінде бүгін “Тіл-асыл қазынам” атты қазақ тілі пәні бойынша онкүндіктің аясында осы мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, “ҚР Үздік педагогі” , “Әлем Ұстазы” жаһандық сыйлығының номинанты Албаева Тамара Габитовнаға арналған “ Дара жол” атты бағдарлама ұйымдастырылып, ұстаздар, ата-аналар, кешке шақырылған қонақтармен кездесу жоғары деңгейде өтті. Осы мектепті біраз жыл басқарған Гульнара Мухангалиевна, зейнеткер, ардагер ұстаз Бейбіт Жусуповна көпшілікпен кездесіп, жас ұрпақ тәрбиелеудегі ойларымен бөлісті. Тамара Габитовна жас ұстаздарға шығармашылық шыңға қалай жетуге болатындығы туралы әңгімеледі. Кешке келген ата-аналар да өз ойларын ортаға салып, ұстаздар қауымына ризашылықтарын білдірді.