DIGITAL KAZAKHSTAN: ЖАҢА ЗАМАНДАҒЫ БІЛІМ БЕРУ

Тамыз айының 16 күні облыс педагогтерінің қатысуымен «DIGITAL KAZAKHSTAN: ЖАҢА ЗАМАНДАҒЫ БІЛІМ БЕРУ» тақырыбында педагогтердің облыстық тамыз кеңесі өтті. Шара соңында білім саласын дамытуға үлес қосқан білім беру ұйымдары мен сала қызметкерлері  ҚР Оқу-ағарту министрілігі, облыс әкімінің Алғыс хаттарымен марапатталды.

«Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төс белгісімен  білім беру жүйесіндегі көп жылғы және адал еңбегі үшін мектебіміздің ұстазы қазақ тілі мен әдебиетінің мұғалімі Албаева Тамара Габитовна марапатталды. Құрметті марапатпен құттықтаймыз!  Сізге денсаулық, сәттілік, шығармашылық табыс және жаңа жетістіктер тілейміз!