26.03.2025 жылы КММ «BILIM QAZYNA» жоспарына сәйкес Алимхан Ермеков атындағы №23 орта мектеп-лицейінде «Ағылшын тілі сабақтарында функционалдық сауаттылықты дамыту» тақырыбында қалалық семинар өтті.

Семинардың ашылуында КММ «BILIM QAZYNA» әдіскері Бекниязова З.Б. және Алимхан Ермеков атындағы №23 орта мектеп-лицейінің директоры Аткиева А.Т. құттықтау сөз сөйледі.

Іс-шара барысында қатысушылар функционалдық сауаттылықтың негізгі аспектілерін және оның ағылшын тілін оқытудағы рөлін талқылап, заманауи әдістер мен цифрлық құралдармен танысты, сондай-ақ бағалау тәсілдері мен оқушыларға кері байланыс беру жолдарын зерттеді. Ерекше назар оқылым, тілдік және цифрлық сауаттылықты қалыптастыруға, сыни ойлау мен коммуникативтік дағдыларды дамытуға ықпал ететін практикалық тапсырмаларға аударылды. Семинар мұғалімдердің әдістемелік әлеуетін кеңейтіп қана қоймай, білім беру үдерісіне инновациялық тәсілдерді енгізудің маңыздылығын атап өтті.

Қатысушылардың белсенді жұмыстанып, қызықты пікірталастарға, кәсіби өсуге деген ұмытылыстары үшін алғысымызды білдіреміз.

Семинар соңында КММ «BILIM QAZYNA» әдіскері Бекниязова З.Б. барлық қатысушыларға алғыс айтып, қорытынды жасап, алдағы уақытта жұмыстануға ұсыныстар білдірді.

26.03.2025 года в соответствии с планом КГУ «BILIM QAZYNA» в КГУ «Средняя школа-лицей №23 имени Алимхана Ермекова» прошел городской семинар на тему «Развитие функциональной грамотности на уроках английского языка». Со вступительным словом выступили методист КГУ «BILIM QAZYNA» Бекниязова З.Б. и директор КГУ «Средняя школа-лицей №23 имени Алимхана Ермекова» Аткиева А.Т.

В ходе мероприятия участники обсудили ключевые аспекты функциональной грамотности и её роль в обучении английскому языку, познакомились с современными методами и цифровыми инструментами, а также изучили способы оценки и предоставления обратной связи учащимся. Особое внимание было уделено практическим заданиям, способствующим формированию читательской, языковой и цифровой грамотности, развитию критического мышления и коммуникативных навыков. Семинар не только расширил методический арсенал учителей, но и подчеркнул важность внедрения инновационных подходов в образовательный процесс.

Благодарим всех участников за активную работу, интересные обсуждения и стремление к профессиональному росту!

В завершении семинара методист КГУ «BILIM QAZYNA» Бекниязова З.Б. поблагодарила всех участников семинара. Были подведены итоги и даны рекомендации для дальнейшей работы.