Бүгін 17 қараша күні Ә. Ермеков атындағы № 23 ОМЛ-де тарих пәні мұғалімі, зерттеуші-педагог Калдыгулова Самал Сагынованың «Тарих пәні бойынша оқушыларды ғылыми жобаларға дайындаудың әдіс-тәсілдері және тиімді жолдары» тақырыбында қалалық шебер класының 1- отырысы өтті.
Мақсаты:Тарих пәні мұғалімдерінің ғылыми-зерттеу жұмысына оқушыларды тартудағы кәсіби құзыреттілігін арттыру, ғылыми жобаны ұйымдастыру мен жүргізудің тиімді әдіс-тәсілдерін көрсету, оқушылардың зерттеушілік қабілетін дамытуға бағытталған тәжірибе алмасу.
Мектеп әдіскері Косниязова Алмагул Советовна шебер класқа қатысушыларға сәттілік тілеп, мектеп ұстаздарының жетістіктеріне тоқталып өтті.
Мектеп психологы Рамбай Мөлдір Нұрланқызы “Танысу сәті” тренингін ұйымдастырды.
Теориялық бөлімде “Тарихи зерттеу жұмысының ерекшеліктері, ғылыми жобаның құрылымы” тақырыбында презентациямен тарих пәні мұғалімі Калдыгулова Самал Сагыновна таныстырып, ғылыми жобаны жазудағы жіберілетін қателіктерге тоқталып, талап ережені басты назарға алу керек екендігіне тоқталып өтті.
Практикалық бөлімде «Мұғалімдерге үлгі жоба тақырыптары ұсынылды. Қатысушы мұғалімдер шағын топтарда жоба жоспарын құрастырды.(Топтық жұмыс, кейс талдау)
Тарих пәні мұғалімі, магистр Искакова Лаззат Саргожаевна бүгінгі шебер кластан алған әсерлерімен бөлісіп қорытындылады. Қатысушы мұғалімдер шебер кластан ой түйгендерін, өздеріне керек мәліметтер алғандарын айтып, алғыстарын білдірді.









