Бастауыш сыныптағы орыс тілі сабақтарында инновациялық технологиялар мен ЖИ қолдану» тақырыбындағы мастер-класс

«BILIM QAZYNA» КММ жоспарына сәйкес 2025 жылдың 20 қарашасында Ә. Ермеков атындағы №23 орта мектеп-лицейі базасында бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған «Бастауыш сыныптағы орыс тілі сабақтарында инновациялық технологиялар мен ЖИ қолдану» тақырыбындағы мастер-класс өз жұмысын бастады. Мастер-классты Нурмагамбетова К. Н. жүргізді.

→ Бастауыш сынып мұғалімі Байтурсынова Д. С. таныстыру-тренингін ұйымдастырды.

→ Қатысушыларға құттықтау сөзін оқу ісінің меңгерушісі Косниязова А. С. жолдады.

→ Нурмагамбетова К. Н. мастер-класс тақырыбын таныстырып, орыс тілін оқыту үдерісіне жасанды интеллект пен инновациялық технологияларды енгізуге арналған практикалық құралдарды көрсетті.

→ Мастер-класс жұмысына «BILIM QAZYNA» КММ әдіскері Пайыз А. С. қатысты.

→ Отырыс соңында Буешева В. К. рефлексия жүргізіп, педагогтар өз әсерлерімен бөлісіп, кері байланыс берді.

→ Өткізілген отырыс бастауыш сыныпта орыс тілін оқытуда инновациялық технологиялар мен жасанды интеллектті қолдану бойынша тәжірибе алмасуға және заманауи тәсілдерді меңгеруге арналған тиімді алаң болды.