Өз әлемімнің бояулары атты арт-терапиясы

Ә.Ермеков атындағы 23 ОМЛ-де 27.11.2025ж «Өз әлемімнің бояулары» атты арт-терапия шарасы мұғалімдердің эмоционалдық көңіл-күйін көтеру, ішкі тепе-теңдігін табуға көмектесу және шығармашылық арқылы жаңа энергия сыйлау мақсатында ұйымдастырылды.

Шара барысында ұстаздар түрлі түстермен өз сезімін жеткізіп, ішкі әлемін тыңдап, шығармашылық тыныштыққа бөленді. Арт-терапия жұмыстары мұғалімдерге жаңаша шабыт пен жағымды эмоциялар сыйлады.

Бұл ерекше шараны педагогикалық практикадан өтуші Қ.Жұбанов атындағы университеттің «Визуалды өнер, көркем еңбек графика және жобалау»мамандығының студенттері Қорқытқызы Н, Тыныштық Ж, Жұмабекова Г бірге ұйымдастырылып, олар өз белсенділігі мен шығармашылығы арқылы іс-шараның жоғары деңгейде өтуіне үлес қосты.

Шара ұйымдастырылуына жетекшілік еткен: Жолдыбай Ж.Ә