«Эмоционалды интеллект: педагогикалық шеберліктің жаңа өлшемі» тақырыбында өтті

15 қаңтар 2026 жылы Zoom платформасында информатика пәні мұғалімдеріне арналған облыстық педагогикалық шеберхананың №2 отырысы «Эмоционалды интеллект: педагогикалық шеберліктің жаңа өлшемі» тақырыбында өтті. Шеберханаға Ә. Ермеков атындағы №23 ОМЛ мұғалімдері Шраева Г.К., Муканбетсадыкова А.Қ., Утешова С.М., Байбөлек Г.М., Сәлімова Ш.Қ. қатысып, Napkin.ai, VR/AR технологиялар және ЖИ қосымшаларын сабақта қолдану бойынша тәжірибелерімен бөлісті. Онлайн форматтағы кездесу педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыруға және заманауи білім беру мүмкіндіктерін тиімді пайдалануға бағытталды.