Ә. Ермеков атындағы №23 мектеп- лицейінде 21- ші қаңтар күні оқу әдістеме орынбасары А.С. Косниязова магистр дәрежесі бар педагогтермен «Магистратура мен кәсіби дамудың жаңа деңгейі» тақырыбында отырыс өткізді . Отырыста магистр дәрежесі бар педагогтер белсенді қатысып, өздерінің кәсіби тәжірибелерімен және ізденіс нәтижелерімен бөлісті.
Отырыс барысында:
🔹 магистр дәрежесінің педагогтің кәсіби дамуына тигізер ықпалы,
🔹 білім сапасын арттырудағы ғылыми-зерттеу жұмысының маңызы,
🔹 заманауи оқыту әдістерін оқу-тәрбие үдерісіне тиімді енгізу,
🔹 жас мамандарға тәлімгерлік жасау тәжірибелері талқыланды.
Магистр дәрежесі бар педагогтердің тәжірибесі мектептегі әдістемелік жұмысты жандандырып, әріптестер арасында кәсіби ынтымақтастықты арттыруға мүмкіндік береді. Мұндай отырыстар ұстаздарды үздіксіз білім алуға, өз кәсібін жетілдіруге және жаңа белестерді бағындыруға ынталандырады.
















