2026 жылғы 18 ақпанда КММ «Ә. Ермеков атындағы №23 мектеп-лицейі» базасында КММ «BILIM QAZYNA» жоспарына сәйкес “Білім берудегі жасанды интеллект: қолдану салалары мен мүмкіндіктері” тақырыбында қалалық семинар өтті.
Семинардың мақсаты – бастауыш сынып мұғалімдерін оқыту мен тәрбиелеу үдерісінде жасанды интеллектті тиімді қолдануға шабыттандыру, болашақ технологиялардың жаңа көкжиектерін және практикалық мүмкіндіктерін ашу.
Семинарды мектеп директоры А.Т. Аткиева ашты. Іс-шараға директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары А.С. Косниязова мен К.Н. Нурмагамбетова қатысты.
Семинар барысында педагогтер А.О. Мендыкулова, З.С. Джубанышева, Р.А. Малтабарова, Е.К. Буреш, К.Ш. Менденова, В.Ф. Латыпова, Л.Б. Оразова, А.К. Сеитова және Б.А. Калжанова Flow, CapCut, Wordwall, NotebookLM, Grok, DeepL, ChatGPT, Gemini платформаларымен жұмыс тәжірибесімен бөлісіп қана қоймай, практикалық бөлім ұйымдастырды. Қатысушылар жасанды интеллект көмегімен интерактивті тапсырмалар, бейнероликтер және оқу материалдарын өздері құрастырып көрді.
Семинар инновациялар әлеміне шынайы саяхат болды: қатысушылар сабаққа арналған тың идеялар, шығармашылық шабыт және оқушылармен жұмыс істеудің жаңа әдіс-тәсілдерін алды. Бұл — жаңалыққа толы, тәжірибе алмасу мен шығармашылықтың жарқын күні болды.
18 февраля 2026 года на базе КГУ «СШЛ №23 имени А.Ермекова» в соответствии с планом КГУ «BILIM QAZYNA» прошёл городской семинар:
«Искусственный интеллект в образовании: области применения и возможности».
Цель: вдохновить учителей начальных классов на использование ИИ в обучении и воспитании, открыть новые горизонты и практические возможности технологий будущего. Семинар открыла директор школы А.Т. Аткиева. В семинаре приняли участие заместители директора по УВР А.С. Косниязова и К.Н. Нурмагамбетова.
В ходе мероприятия педагоги А.О. Мендыкулова, З.С. Джубанышева, Р.А. Малтабарова, Е.К. Буреш, К.Ш. Менденова, В.Ф. Латыпова, Л.Б. Оразова, А.К. Сеитова и Б.А. Калжанова не только делились опытом работы с платформами:
Flow, CapCut, Wordwall, NotebookLM, Grok, DeepL, ChatGPT, Gemini, но и провели практическую часть, где участники сами пробовали создавать интерактивные задания, видеоролики и учебные материалы с использованием ИИ.
Семинар стал настоящим погружением в мир инноваций: участники получили яркие идеи для уроков, вдохновение для экспериментов и новые методы работы с учениками. Это был день открытий, обмена опытом и творчества.









