«Сабақтың жаңа форматы: геймификация, визуализация және интеграция» тақырыбында облыстық әдістемелік шеберлік сыныбы өткізілді

2026 жылдың 11 наурыз күні “Ә.Ермеков атындағы №23 ОМЛ” КММ-де “Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының жоспарына сәйкес Ақтөбе қаласы бойынша №2 аумақтық білім беру округіне бекітілген мектептердің педагогтеріне арналған «Сабақтың жаңа форматы: геймификация, визуализация және интеграция» тақырыбында облыстық әдістемелік шеберлік сыныбы өткізілді.
  Аталған іс-шараның негізгі мақсаты – педагогтердің кәсіби шеберлігін арттыру, сабақ барысында заманауи әдіс-тәсілдерді тиімді қолдану жолдарын көрсету және тәжірибе алмасу алаңын қалыптастыру болды.

Іс-шараның ашылу салтанатын мектеп директоры– Аткиева Алтынгуль Тугелевна ашты.
 Мектеп психологы М.К Анабаева «Жағымды бастама » психологиялық тренингін өткізді. Теориялық бөлімде директордың оқу -тәрби ісі жөніндегі орынбасары ,қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі В.Ж.Танжарыкованың «Сабақтың  жаңа форматы :  Замануи әдістердің маңызы » тақырыбындағы баяндамасы тыңдалды.

Іс шарада 1 «Ж » класында « Что такое магнит?» тақырыбында ,пән мұғалімі К.Ш.Менденова, 10 «Б » класында  математика пәнінен «Физический смысл производной» тақырыбында ,пән мұғалімі С.Т.Укибаева ашық сабақ өткізді.

Практикалық бөлім аясында өз тәжірибесімен бөліскен педагогтер: 

Бастауыш сынып мұғалімдері :Абдикаримова А.М, Мендыкулова  А. О,Журсинова Г.А Нурмагамбетова  К Н

Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдер: Айжарыкова Г.О Байгабылова Г.Ж Байжанова А.А

Информатика пән мұғалімдері Байбөлек Г.М,Утешова С.М.Салимова Ш.К

Физика пәні мұғалімі Уртамбаева  А.Т

Математика пәні мүғалімі Умирбаева К У

Шеберлік сыныбы барысында мұғалімдерге сабақ құрылымын жаңарту, оқу материалын көрнекі әрі түсінікті түрде ұсыну үшін визуализация әдістерін қолдану, сондай-ақ геймификация элементтері арқылы оқушылардың оқу мотивациясын арттыру тәсілдері таныстырылды. Сонымен қатар пәндер арасындағы интеграцияны жүзеге асырудың тиімді жолдары көрсетіліп, нақты практикалық мысалдар ұсынылды.

“3-2-1” әдісімен рефлексия бөлімін физика пәні мұғалімі А.Ж.Жисова жүргізді

Әдістемелік шеберлік сыныбында инновациялар әлеміне шынайы саяхат болды: қатысушылар сабаққа арналған тың идеялар, шығармашылық шабыт және оқушылармен жұмыс істеудің жаңа әдіс-тәсілдерін алды. Бұл — жаңалыққа толы, тәжірибе алмасу мен шығармашылықтың жарқын күні болды.Шеберлік сыныбы жоғары әдістемелік деңгейде өткізіліп, қатысушылар тарапынан оң бағасын алды.