Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының жоспарына сәйкес Ақтөбе қаласы, Ә.Ермеков атындағы №23 орта мектеп лицейінің информатика пәні мұғалімі Шраева Гулсим Канатжановнаның қорытынды шеберханасы өтті.
Шеберхана барысында педагогтер тек теориялық ұғымдармен шектелмей өздерінің ішкі сезімдерін тану, эмоцияларды басқару жолдарын тәжірибе жүзінде меңгертті.
Қатысушылар ерекше белсенділік танытып, өз тәжірибелерінен мысалдар келтіре отырып, эмоционалды интеллектің қазіргі білім беру жүйесіндегі рөлін кеңінен талқылады.









