2026 жылдың 26 мамыр күні “Ә.Ермеков атындағы №23 ОМЛ” КММ-де “BILIM QAZYNA” КММ жоспарына сәйкес “Оқушыларды зерттеу жобасына дайындау: тиімді әдіс-тәсілдер мен нәтижелер” тақырыбында тарих пәнінің мұғалімі, зерттеуші-педагог Калдыгулова Самал Сагыновнаның жетекшілігімен шебер кластың 4-ші отырысы өтті

 Калдыгулова С.С оқушыларды ғылыми жобаға тиімді дайындау үшін тақырып таңдаудан бастап жоба өнімін әзірлеуге  дейінгі дайын алгоритмдер мен құралдарды ұсынып мұғалімдерге практикалық сабақ өткізді. Тарих пәні мұғалімдері: Ташимова Лаураның “Қағаз оркестр” сергіту сәті қызықты болса, Искакова Лаззат “Сандық рефлексия” арқылы  жыл бойы жүргізілген шебер кластың тиімді тұстарын анықтады. Мұғалімдер шебер класс жұмысына жоғары баға беріп, кәсіби дамуларына ықпалы зор болғандығын атап өтіп, ұсыныстарын білдірді. Шебер класс соңында тәжіриебесін бөліскен мұғалімдерге алғыс хаттар және  қатысушыларға  сертификаттар табысталды.