Қасым-Жомарт Тоқаев ұстаздар қауымын кәсіби мерекесімен құттықтап, аса жауапты әрі қастерлі міндетті абыроймен атқарып жүрген педагогтерге алғыс айтты. Сонымен қатар еліміздегі оқу-ағарту саласын дамыту жолында жүзеге асырылып жатқан ауқымды жұмыстарға тоқталды.
«Менің тапсырмаммен «Педагог мәртебесі туралы» арнайы заң қабылданды. Бұл құжат ұстаздардың заңды мүддесі мен құқықтарын қорғауға ықпал етті. Осы заңға сәйкес «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» атағы енгізілді. Бұл – жай атақ емес, мәртебелі мемлекеттік награда. Оның иегеріне қомақты сыйақы беріледі. Республика бойынша 46 мұғалім осы наградаға ие болды.
Іс-шарада Қостанай қаласындағы Ыбырай Алтынсарин атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия-интернатының мұғалімі Ағыбай Нұғыманов, Ақтөбе қаласындағы Әлімхан Ермеков атындағы №23 орта мектеп-лицейінің мұғалімі Наталья Пеннер сөз сөйледі. Жиын соңында Мемлекет басшысы білім беру ісіндегі аса үздік жетістіктері және Қазақстан Республикасына сіңірген айрықша еңбегі үшін бір топ педагогке «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» атағын тапсырды. Соның бірі Ә.Ермеков атындағы №23 орта мектеп-лицейінің ағылшын пәні мұғалімі Пеннер Наталья Александровна «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» атығына ие болды.
Мерейлі мерекеде деніңізге саулық ,отбасыңызға амандық тілейміз!
Мәртебеңіз артта берсін!
5 – қазан күні облыс әкімі Асхат Шахаров Өнер орталығында ұстаздармен кездесті. Мұғалімдерді төл мерекелерімен құттықтап, білім саласына қосқан үлестері үшін алғыс білдіріп марапаттады. Осы іс шарада Әлимхан Ермеков атындағы №23 орта мектеп-лицей педагогтері де марапатталды.
Бастауыш сынып мұғалімі Ташубаева Гульнази Какимовна «Ыбырай Алтынсарин» төсбелгісімен ;
Математика пәні мұғалімі Укибаева Сауле Тенеловна «Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісімен ;
Қазақ тілі мен әдебиетінің мұғалімі Танжарыкова Венера Жумамуратовна облыс әкімінің
Алғыс хатымен марапатталды.
Құрметті ұстаздар ,мерейлі мерекеде дендеріңізге саулық ,отбасыларыңызға амандық тілеймін! Мәртебелеріңіз артта берсін!
2024 жылы 5 қазан айының күні облыс әкімі Ұстаздар мерексі күні
білім саласында қосқан елеулі еңбектері үшін Ә.Ермеков атындағы №23 орта мектеп-лицей педагогтері Алғыс хатпен марапатталды.
Құрметті ұстаздар, мерейлі мерекеде дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық тілеймін! Мәртебелеріңіз артта берсін!
2024 жылы қазан айының 3-4 күндері Кәсіби мереке қарсаңында Ә.Ермеков атындағы №23 орта мектеп-лицей педагогтері тәуелсіз Қазақстанның рухани және әлеуметтік дамуы жолында қол жеткен табыстары және оның гүлденуіне қосқан зор үлестері үшін Оқу –ағарту министрінің Құрмет грамотасымен марапатталды
Құрметті ұстаздар ,мерейлі мерекеде дендеріңізге саулық ,отбасыларыңызға амандық тілеймін! Мәртебелеріңіз артта берсін!
DIGITAL KAZAKHSTAN: ЖАҢА ЗАМАНДАҒЫ БІЛІМ БЕРУ
Тамыз айының 16 күні облыс педагогтерінің қатысуымен «DIGITAL KAZAKHSTAN: ЖАҢА ЗАМАНДАҒЫ БІЛІМ БЕРУ» тақырыбында педагогтердің облыстық тамыз кеңесі өтті. Шара соңында білім саласын дамытуға үлес қосқан білім беру ұйымдары мен сала қызметкерлері ҚР Оқу-ағарту министрілігі, облыс әкімінің Алғыс хаттарымен марапатталды.
«Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төс белгісімен білім беру жүйесіндегі көп жылғы және адал еңбегі үшін мектебіміздің ұстазы қазақ тілі мен әдебиетінің мұғалімі Албаева Тамара Габитовна марапатталды. Құрметті марапатпен құттықтаймыз! Сізге денсаулық, сәттілік, шығармашылық табыс және жаңа жетістіктер тілейміз!





«Бүгін қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, “Үздік ұстаз-2019”, “ Қазақстан мұғалімі-2019” конкурсының финалисі, “Әлем Ұстазы-2020” жаһандық сыйлығының номинанты Албаева Тамара Габитовна облыс әкімінің марапатына ие болды. Әріптесімізге зор денсаулық, шығармашылық табыс тілейміз!»

Ә.Ермеков атындағы #23 ОМЛ ұстаздары “Үздік педагог портфолиосы- 2023” байқауына қатысып нәтижесінде:
Пеннер Н.А., Мухина М.А – 1 дәрежелі Дипломмен,
Пеннер-Насибулина Д.А., Гринько В.С.- 2 дәрежелі Дипломмен марапатталды.
Құттықтаймыз!

«Жылдың үздік педагогы» атты республикалық байқауының жеңімпаздары
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері Жанатова А.Ж.,Изтлеуова А.А.,Сарина А.Ж.
Құттықтаймыз!


«Қазақстанның құрметті педагогы «Республикалық байқауының » I-дәрежелі Диплом иегерлері қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімдері А.А Байжанова, Г.Ж.Байгабылова,орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Э.К.Айшуакова , «Үздік жас маман» республикалық байқауының I-дәрежелі Диплом физика пәнінің мұғалімі жас маман Ә.Ж.Елпаш иеленді.
«Жаңа күн –жаңа Қазақстан » атты ақындар айтысының облыстық кезеңінде қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Ж.Р.Бейбітов бас жүлдені иеленді.
Республикалық идеялар панорамосы , республикалық бейне сабақтары мен бейне дәрістер байқауының Республикалық конкурсының өңірлік кезеңінде биология пәні мүғалімі Г.Р.Сабырова 2–орынды иеленді
«Өрлеу біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АК филиалы «Ақтөбе облысы бойынша Кәсіби даму институының 2023 ж.06.11. хатына сәйкес 9 қараша күні қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдеріне арналған «Әдебиет теориясы көркем шығарманы әдістемесі» тақырыбындағы облыстық семинарда қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Курбангазиева Р.К. Алғыс хатпен мараппаталды.

2023 жылдың 18 қаңтар күні «Robotek Grand Tournamed» Республикалық турнирінің қалалық кезеңі өтті. Турнир қорытындысы бойынша мектебіміздің атынан “Технари” тобы қатысып,жүлделі І орынды иеленді. Топ құрамындағы қатысушылар-6 “Б”кл оқушысы Серегин К және 6 “В”класс оқушысы Зайцев К.
Жетекшісі : Информатика пән мұғалімі Сулейменов Ш.Н . Жеңімпаздарды құттықтаймыз!

Жаратылыстану -математикалық бағыттағы пәндер бойынша Сақтаған Бәйішев атындағы 1-ші облыстық олимпиада 2023 жылдың 5 қаңтарында өтті.
Олимпиада қорытындысы бойынша математика пәнінен 11,,Ә,,класс оқушысы Тилепбаев Нурперзент 3-дәрежелі Дипломмен марапаталды.Жетекшісі математикаи пәнінің мұғалімі Укибаева С.Т
Құттықтаймыз !

Қазан айының 22 күні 2-7 класс оқушылары арасында Респуликалық “Зерде” шығармашылық жобалар мен зерттеу жұмыстары байқауының қалалық кезеңі өтті.Біздің мектептен 2-4 класс оқушылары арасынан 6 оқушы, 5-7 класс оқушылары арасынан 10 оқушы қатысты.
Байқау қорытындысы бойынша:
1)”Медицина” секциясы бойынша 7 «Ә» класс оқушысы Теңелова М. 2 – орын.
Жетекшісі: биология пәні мұғалімі Саматова А.Е.
2) “Орыс тілі мен әдебиеті” секциясы бойынша 4 «Д» – класс оқушылары Нургалиева А, Синициина Д – 3 орын. Жетекшісі: бастауыш класс мұғалімі Мендыкулова А.О.
3) “Физика.Космос” секциясы бойынша 7 «Ә»- класс оқушысы Сұлтанов Н – 3 орын. Жетекшісі: физика пәні мұғалімі Елпаш Ә.Ж.
4)”Тарих.Өлкетану” секциясы бойынша 6 “Ғ”- класс оқушылары Назарбаев Р, Серік Ж. 3 орын. Жетекшісі: тарих пәні мұғалімі Калдыгулова С.
5) “Биология.Химия” секциясы бойынша 2 “Ә”- класс оқушы Ерболат А Алғыс хат.
Жетекшісі:бастауыш класс мұғалімі Жалгасбаева Л.Е.
6) “Информатика.Робототехника” секциясы бойынша 7 “Б”- класс оқушысы Шаповалов А Алғыс хат. Жетекшісі: информатика пәні мұғалімі Шраева Г.К.
Құттықтаймыз!!!

Жалпы білім беретін мектептердің 5-6 класс оқушылары арасында математика, жаратылыстану, қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті,ағылшын тілі, Қазакстан тарихы пәндері бойынша республикалық олимпиаданың мектепшілік кезеңінің марапатталуы

Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық зерттеу жобалар конкурсының облыстық кезеңінде орыс тілі мен әдебиеті пәнінен 9 “А” класс оқушысы Клейман
Алтын І-орынды иеленді. Жетекшісі орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Қайрбаева ва З.В.

Жалпы білім беретін мектептердің 5-6 класс оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінде :
1.Математика пәнінен 6 “Ғ” класс оқушысы
Абілберикова Амина
Гран при иегері.
Жетекшісі -Математика пәні мұғалімі Алуадин А.А
2.Жаратылыстану пәнінен
5 “Д”класс оқушысы
Картов Адил ІІ орын иегері атанды.
Жетекшісі -Биология пәні мұғалімі Бекенова Ж.Ж. Құттықтаймыз !

2022 жыл біздің мектебіміз үшін өте жемісті жыл болды. Ұстаздарымыз бен оқушыларымыз түрлі жарыстар, конкурстар, олимпиадалардың жеңімпаздары атанды. Солардың бірі – 9 “Б” сынып оқушысы Бруева Маргарита. Ол – қала бойынша “ Жыл оқушысы” атағының иегері. Маргаританы осындай үлкен додаға дайындаған жетекшісі – Албаева Тамара Габитовна. Ұстаз бен оқушыға алдағы уақытта толағай табыстар тілейміз!

24-27 октября 2022 года в городе Актобе прошла 1- Республиканская астрономическая олимпиада среди школьников 7-9 классов.
В данной олимпиаде приняла участие сборная команда учеников средней школы-лицея #23 им А. Ермекова
Учащиеся:
Муратова Айша 8кл
Утбанова Сафийат 8 кл
Сафин Ильнур 9кл
Зинченко Алина 9кл
Руководитель учитель физики Магомедова Альбина Исмаиловна
По итогам олимпиады
Ученик 9 класса Сафин Ильнур занял почетное 3 место
Муратова Айша
Утбанова Сафийат
Зинченко Алина были награждены дипломами и памятными подарками
Руководитель команды награжден благодарственным письмом

Қалалық “Менің ішкі әлемім” атты сырттай фотобайқауына қатысып,«Бұл әлем қандай әдемі» номинациясы бойынша жоғары нәтиже көрсеткен 4″Ғ” класс оқушысы Шандыбай Райханды құттықтаймыз. Жетекшісі: Махина Гулдана Салимовна.

4сынып оқушылары арасында 31қазан күні « КІШКЕНТАЙ БІЛГІРЛЕР» облыстық интеллектуалдық олимпиадасы өткізілді. Олимпиада қорытындысы бойынша №23ОМЛ 4«Ә», 4«Ғ» класс «БОЛАШАҚ 23» топ мүшелері: *Тағыберген Ерасыл,
Есмухан Нурай,
Мукантаев Саржан,
Байнешова Аяулым* 2орынға ие болды.
Жетекшісі: Махина Г. С .
Жеңімпаздарды құттықтаймыз
“Әдістемелік кабинет” КММ “Ақтөбе-Дарын” өңірлік ғылыми -тәжірибелік қосымша білім беру орталығының ұйымдастыруымен 14 қазан күні өткен “Тәуелсіз елім-кең байтақ жерім” атты сырттай облыстық эссе байқауының қалалық кезеңінде мектебіміздің 9-класс оқушысы Мульканова Алуа жүлделі І орынға ие болды. Жетекшісі:қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Айжарыкова Гулсаяш Орынбасаровна
14 қараша күні №36 орта мектебі базасында Қазақстан Республикасының орта білім беру ұйымдарының 5-6 класс оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың қалалық кезеңі болды.Олимпиада қазақ тілі мен әдебиеті,орыс тілі мен әдебиеті,ағылшын тілі,математика,Қазақстан тарихы,жаратылыстану пәндері бойынша өткізілді. Біздің мектебімізден 16 оқушы қатысты. 5-6 класс оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың қалалық кезеңінің қорытындысы :
1-орын Математика пәнінен Абілберикова Амина 6 «Ғ» класс оқушысы .
Жетекшісі -математика пәні мұғалімі Алуадин А.А.
1-орын Жаратылыстану пәнінен Картов Адил 5 «Д»класс оқушысы.
Жетекшісі – жаратылыстану мұғалімі Бекенова Ж.Ж.
2-орын Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен Шаумен Аяулым 5 «Ә» класс оқушысы.
Жетекшісі – қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Курбангазиева Р.К.
2-орын Ағылшын тілі пәнінен Елемесов Айдан 5 «Д» класс оқушысы .
Жетекшісі ағылшын пәнінің мұғалімі Шайманова Б.Қ.
2-орын Ағылшын тілі пәнінен Саби Айслу 6 «Г» класс оқушысы .
Жетекшісі- ағылшын пәнінің мұғалімі Айтбаева А.А.
2-орын Математика пәнінен Джусупов Амирхан 5 «Г» класс оқушысы .
Жетекшісі – математика пәнінің мұғалімі Джамалбаева Н.Д.
3-орын Орыс тілі мен әдебиеті пәнінен Жабаева Ляйсан 5 «Г» класс оқушысы .
Жетекшісі -орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Истаева С.А.
Құттықтаймыз
2022 жылы 13 қазан күні Жалпы білім беретін мектептердің 8-11 сынып оқушылары арасында Республикалық “Ақберен” байқауының қалалық кезеңі өтті. Байқау көркемсөз оқу, эссе жазу, ұлттық аспапта өнер көрсету, ақындар мүшайрасы, ақындар айтысы, шешендік өнер сынды 6 бағытты қамтыды.Аталған шараға мектебімізден 4 оқушы қатысты. Байқау жүлдегерлері: эссе жазу бағыты бойынша Калкулова Гүлім 2-орын Жетекшісі: Сарина А.Ж. Ұлттық аспаптарда өнер көрсету бағыты бойынша Елеусіз Көркемай Алғыс хатпен марапатталды.Жетекшісі:Байгабылова Г.Ж,Тарғын Д.Е.Жеңімпаздарды жүлделі орындарымен құттықтаймыз!

9 класс оқушысы Даулетова Фатима Республикалық « Менің шағын Отаным» байқауының қалалық кезеңінде 2 дәрәжелі дипломмен марапатталды. Жетекшісі: тарих пәннің мұғалімі – Калдыгулова С.С.

28 қазан күні ерекше білімді қажет ететін 1-8 оқушылары аралығында «Күз –алтын мезгілі» атты қалалық сырттай суреттер байқауы өткізілді.
Байқау қорытындысы бойынша :
1-орынды 3 «В» класс оқушысы Данильченко Марианна иленді. Жетекшісі бастауыш класс мұғалімі Байсарина К.Ж .
2- орынды 5 «Ғ» класс оқушысы Нурмуханбет Рустем иеленді. Жетекшісі қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Изтлеуова А.А.
Құттықтаймыз!!!!